Каратэден Жоламан Биғабыл Азия чемпионы атанды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұл - Қазақстан құрамасының қоржынына түскен Ташкенттегі алғашқы алтын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Каратэші Жоламан Биғабыл Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отандасымыз кумите бағдарламасында 55 кг дейінгі салмақтың финалында жарыс қожайыны Собитхон Қосимовты ұтты.

«Бұл - Қазақстан құрамасының қоржынына түскен Ташкенттегі алғашқы алтын. Алда әлі жекелей сында 3 спортшымыз, сосын, Қазақстан әйелдер командасы бас жүлдеге таласады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг), Әсел Қанай (-61 кг), Данияр Юлдашев (-84 кг) пен кумитеден Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болған.

Биыл сары құрлық чемпионатында 29 мемлекеттің таудаулы 421 спортшысы жүлдеге таласып жатыр.

Жалпы Өзбекстан астанасы Ташкент осыған дейін каратэден сары құрлық чемпионатын 3 рет қабылдаған.

Қазақстан Ұлттық құрамасының нәтижесі:

  • 2022 жыл 2 алтын, 4 күміс, 2 қола (жалпы есепте 3-орын);
  • 2019 жыл 1 алтын, 2 күміс (5-орын);
  • 2012 жыл 1 алтын 3 күміс 2 қола (4-орын).

Оқи отырыңыз: Қазақстандық теннисші Қытайдағы жарыста топ жарды

Новости партнеров