Әлем біріншілігін World Boxing ұйымы алғаш рет ұйымдастырды
АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Даниял Райымбеков (85 кг) күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, әлем біріншілігін жаңа құрылған World Boxing ұйымы алғаш рет ұйымдастырды.
Чемпионат финалы бүгін болып жатыр. Қазақстаннан барған төрт боксшының екеуі ақтық сынға шықты.
"Райымбеков финалда Уэльс боксшысы Томас Питт Дэниелмен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша ол World Boxing ұйымдастырған ең бірінші чемпионатта Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салған боксшы атанып отыр", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 65 келіде өнер көрсететін Асылхан Көшербай рингке ертең шығады. Оның қарсыласы – Аустралия боксшысы Купер Макконел.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатының финалына шықты
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!