Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңді

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәсіпқой бокста екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Бек Нұрмағанбет кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Сан-Джасинто (Калифорния, АҚШ) қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз мексикалық Хоакин Мурриета Лусиомен жұдырықтасқан болатын. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі екінші раундта нокаутпен аяқталды. Бектің ауыр соққысына төтеп бере алмаған мексикалық боксшы кездесуді жалғастырудан бас тартқан.

Осылайша, Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның 11-ін нокаутпен аяқтаған. Ал, қарсыласы болса 14-ші рет жеңіліп отыр. Тағы 13 жекпе-жегінде жеңіске жетсе, үшеуінде тең ойнаған.

Айта кету керек, Бек Нұрмағанбет әйгілі мексикалық боксшы Сауль Альварестің залында жаттығып, онымен бірнеше рет спарринг өткізген.

Оқи отырыңыз: Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Новости партнеров