Қазақ қызы үш дүркін Ресей чемпионы атанды

11.11.2024 12:21

Ол финалда Краснодар аймағынан қатысқан 2023 жылғы әлем чемпионы Анастасия Демурчянды жеңіп шықты

elements.envato.com

Этникалық қазақ қызы Салтанат Меденова 2024 жылғы Ресей чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Омбы облысы атынан жұдырықтасатын Салтанат 81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады. Ол финалда Краснодар аймағынан қатысқан 2023 жылғы әлем чемпионы Анастасия Демурчянды жеңіп шықты. 

Бұл өте қиын жекпе-жек болды, оның үстіне қарсыласым – әлем чемпионы Анастасия Демурчян. Психологиялық тұрғыда ауыр соқты, бірақ шаршы алаңға шыққан соң жеңілдеп қалдым. Анастасияның менің салмағыма ауысқанына таңғалған жоқпын, себебі оның ауысуды жоспарлап жүргенін естегінмін. Сондықтан кездесуге дайындалып жүрдім. Ресейдің үш дүркін чемпионы атансам да, әлі сезінген жоқпын. Қазір үйіме оралып, отбасыммен қауышуға асықпын», - деді Меденова Ресейдің бокс федерациясына берген сұхбатында.

Салтанат Меденова Ресей чемпионатында үшінші рет чемпион атанды. Жазда БРИКС ойындарында да алтын алған. 

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында алаяқ мүгедек адамның пәтерін сатып жіберген