Бас бапкер әзілі орынсыз екені айтылды
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілін келеке еткені үшін 738 400 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
«Айыппұл әдеп регламентінің аясында салынды. Оның көлемі 200 АЕК, яғни — 738 400 теңге», — деп федерация өкілі ТАСС-қа сұхбат берген.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов журналистерге берген жауабында бас бапкерге қазақ тіліне құрмет таныту қажеттігін түсіндіргенін атап өтті.
«Черчесовтың әзілдері, әрине, шектен шығып жатыр. Мен онымен жеке сөйлестім, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдығын түсіндірдім. Онымен әңгіме, жұмыс жүргіздік. Оған айыппұл салынды», – деді Барменқұлов.
Айта кетейік, Ұлттар лигасы аясында Словениямен өткен мачтан кейінгі баспасөз конференциясында қазақстандық тілші Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойып бастайды. Бас бапкер журналистің үстіне Францияның ПСЖ клубының жейдесін киіп алғанын әзілге айналдырғысы келді ме, әйтеуір «Сен қай тілде сөйлеп тұрсың, французша ма?» деп сөзін бөлді. Бұл қоғамда наразылық тудырды. Осы мәселеге қатысты Туризм және спорт министрлігі де федерациядан түсініктеме беруді талап еткен.
Оқи отырыңыз: Тимофей Скатов Almaty Open бірінші айналымында жеңіліп қалды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!