Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды

03.11.2026 08:30

Ақтық белдесу 2 минут 33 секундта аяқталды

сгенерировано ИИ

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.  

Финалда отандасымыз Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.

Нәтижесінде Сұпығалиева иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ақтық белдесу 2 минут 33 секундта аяқталды.

Осылайша Фатима Дакардағы Олимпиадада ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Толық көрсету