Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан топтық сайыста жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл сында Қазақстан намысын Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғады.
Финалда аруларымыз 5 доп сайысында 25.450 ұпай жинаса, 3 шығыршық пен 2 ұршық жаттығуында 26.100 ұпайға ие болды.
Жалпы нәтиже:
Қытай – 55.300 ұпай
Жапония – 52.500 ұпай
Қазақстан – 51.500 ұпай
Айта кетейік, Жапониядағы Азия ойындары ертең, 4 қазан күні аяқталады.