Қазақстандық боксшы Азия чемпионы атанды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Ол ұлттық құрама сапынан алғаш болып шықты 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін, 10 сәуірден бокстан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында финалдық жекпе-жектер басталды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ҰОК-не сілтеме жасап.

Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында үндістандық Сачин Сачинмен кездесті. Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Екінші үшминуттықта Оразбек Асылқұлов жүйелі жұмыс істеп, 3:2 есебімен жеңді. Ал шешуші раундта Оразбек Асылқұлов шабуылда белсенді болып, нәтижелі соққылар жасай білді.

Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді. Осылайша Оразбек Асылқұлов ұлттық құрама қоржынына алтын медальді салды.

Оқи отырыңыз: Президент бокстан Азия чемпиондарын құттықтады

Новости партнеров