Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып Давид Лория тағайындалды
Аlmaty.tv
Бұған дейін бұл қызметті Саян Хамитжанов атқарған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан футбол федерациясының құрылымында кадрлық өзгерістер болды. Атқарушы комитеттің шешімімен Давид Лория бас хатшы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Давид Григорьевич – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі. Қазіргі таңда ол Астана қалалық мәслихатының депутаты, сондай-ақ елдің әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденінің иегері», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін бұл қызметті Саян Хамитжанов атқарған болатын.
Оқи отырыңыз: Бразилияның аңыз футболшысы Кафу Алматыға тәнті болды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51