Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль алды
Аlmaty.tv
Отандастарымыз көпсайыста жеңіске жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
«Отандастарымыз топтық жаттығуларда алтын медаль жеңіп алып, көпсайыста жеңіске жетті», - делінген хабарламада.
Екінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы иеленсе, Өзбекстан үшінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, бұл бағдарламада ел намысын Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағанбетова, Кристина Чепульская және Жасмин Жүнісбаева қорғады.
Оқи отырыңыз: Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
14.11.2026 18:57