Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль алды

17.05.2025 17:58

Отандастарымыз көпсайыста жеңіске жетті

Аlmaty.tv

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Отандастарымыз топтық жаттығуларда алтын медаль жеңіп алып, көпсайыста жеңіске жетті», - делінген хабарламада.

Екінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы иеленсе, Өзбекстан үшінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, бұл бағдарламада ел намысын Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағанбетова, Кристина Чепульская және Жасмин Жүнісбаева қорғады.

Оқи отырыңыз: Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты