Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде алты медальға қол жеткізді

14.07.2025 13:18

Қазақстандықтар жекелей сайыста да жүлделі орындардан көрінді

olympic.kz

Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан "World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4" турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық құрама аралас командалық сайыста финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.

Ұлттық құрама сапында Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Тәукенова ел намысын қорғады.

Со41н01-+

ымер қатар қазақстандықтар жекелей сайыста да жүлделі орындардан көрінді.

Б7екасыл Ергеш (80 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) күміс жүлде еншілесе, Нұрбек Ғазез (68 келіге дейін), Алмира Қанат (57 келіге дейін) қола медаль иеленді.

4Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль бар. Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медальға ие болған еді.

и отырыңыз: Қазақстандық теннисшінің матчы сенсациямен аяқталд-