Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Азия чемпионатында қола жүлде алды

22.02.2025 17:20

Алтын медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды

Аlmaty.tv

Тректегі велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы Малайзияның Нилай қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Дмитрий Носков және Әлішер Жұмақан командалық жарыста үшінші орынға ие болды.

"Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 03:59.215 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті", - делінген хабарламада.

Алтын медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды, ал Жапония күміс жүлдегер атанды.

Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында алтын медаль алды