Ұлттық құрама командалық көпсайыста қола медаль жеңіп алды
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық құрама командалық көпсайыста үшінші орынға көтерілді.
«Жүлдеге қол жеткізген спортшылар: Нұртан Ыдырысов, Роман Хегай, Артём Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман және Өмірсерік Досжан», - делінген хабарламада.
Бірінші орынды Жапония иеленсе, екінші орынға Оңтүстік Корея құрамасы тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін ересектер құрамасы да Азия чемпионатында үшінші орынды еншілеген болатын.
Оқи отырыңыз: Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды