Қазақстанда Спартакиада-2025 ойындары қашан басталады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ойындарға 2 мыңнан астам параспортшы қатысады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Спартакиада ойындарына 17 спорт түрінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Спортшылар еліміздің 5 өңірінен жиналады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1-29 маусым күндері еліміздің бес өңірінде, атап айтқанда Астана, Тараз, Көкшетау қалаларында және Өскемен мен Алматы облысында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында VII республикалық спартакиада өтеді.

Тарихи деректер

Елімізде дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған алғашқы республикалық Спартакиада 1991 жылы өтті. Оған 500-ге жуық спортшы қатысып, еліміздегі паралимпиадалық қозғалыстың негізін қалаған маңызды кезеңге айналды.

Содан бері Спартакиада әр төрт жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жыл өткен сайын жарыстың ауқымы кеңейіп, қатысушылар мен спорт түрлерінің саны да артып келеді.

Кейінгі үш Спартакиаданың көрсеткіштері:

  • IV Спартакиада (2017) – 998 қатысушы, 10 спорт түрі;
  • V Спартакиада (2019) – 1112 қатысушы, 14 спорт түрі;
  • VI Спартакиада (2021) – 1700-ден астам қатысушы, 16 спорт түрі.

Ал биылғы VII Спартакиадаға 2000-ға жуық параспортшы (15 жастан жоғары) қатысып, 17 спорт түрі бойынша бақ сынамақ.

Спорт түрлері (17): волейболды отырып ойнау, пара таэквондо, пара дзюдо, бочча, пара би, пара жеңіл атлетика, пара жүзу, пара нысана көздеу, пара садақ ату, пара пауэрлифтинг, пара үстел теннисі, пара велоспорт, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, голбол, пара каратэ.

Салтанатты рәсімдер

  • Ашылу рәсімі — 4 маусым, Астана қаласы;
  • Жабылу рәсімі — 29 маусым, Өскемен қаласы.

Спартакиаданың мақсаты:

  •  Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бұқаралық және кәсіби спортты дамыту;
  •  Саламатты өмір салтын насихаттау;
  •  Өңірлік спорт ұйымдарының жұмысын қорытындылау;
  •  Ұлттық құрамаларға спортшыларды іріктеу.

Оқи отырыңыз: Жүзуден Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты

Новости партнеров