Жүзуден Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты
Аlmaty.tv
Спортшы еліміздің үздік нәтижесін жаңартты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жүзуден Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Әділбек Мусин рекордты жаңартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтықта еліміздің үздік нәтижесін жаңартты.
«Қазіргі уақытта Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Мусин 23,36 секунд нәтиже көрсетті. Бұған дейінгі рекорд та Әділбекке тиесілі болатын – 23,40 секунд», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Әділбек Мусин жүзуден ҚР чемпионатында 50 және 100 метр қашықтықтарда баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.
Оқи отырыңыз: Көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41