Қазақстандық балуандар Польшадағы турнирде тағы екі медаль жеңіп алды

01.08.2025 20:26

Жерлестеріміз 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті

Аlmaty.tv

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Варшавада (Польша) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде тағы екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.  

Жерлестеріміз 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі медальға қол жеткізді.

«Бақытжан Қабдыл финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Қырғызстан спортшысы Жоламан Шаршенбековке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды», - делінген хабарламада.

Ал Сайфулла Құрман жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Диас Қалтай (82 келіге дейін) мен Ерзат Ерланов (97 келіге дейін) үшінші орынға ие болған еді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды