Жарысқа 25 елдің боксшылары қатысып жатыр
Қазақстандық Томирис Мырзақұл Бангкоктағы (Таиланд) бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
51 келіге дейінгі салмақта 22 жасқа дейінгі турнирдің 1/8 финалында Томирис рингте оңтүстіккореялық Ким Рён Ёнмен кездесіп, төрешілер шешімімен күтпеген жерден жеңіліп қалды.
Жастар арасындағы Азия чемпионаты 11 тамызға дейін жалғасады.
Оған 25 елдің боксшылары қатысып жатыр.
Оқи отырыңыз: Дженнифер Лопес концертіне келген жұрт ерекше экологиялық акция өткізді