Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 8 алтын жүлде жеңіп алды

30.03.2025 16:01

Жарыс барысында 14 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды

ЖИ көмегімен жасалған

Орал қаласында Манарбек Ықсановты еске алуға арналған халықаралық жасөспірімдер арасындағы бокстан турнир өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс барысында 14 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шеберлері сегіз алтын медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандар:

  • Айтор Қайырбеков (44 кг);
  • Бекхон Кодирбек (50 кг);
  • Асылхон Ғазиз (52 кг);
  • Жанарыс Дүйсенбай (54 кг);
  • Диас Сәбит (60 кг);
  • Қуаныш Аманқұл (70 кг);
  • Еркебұлан Әлі (80 кг);
  • Нұрбек Сержанұлы (80+ кг).

Қырғызстаннан келген спортшылар төрт алтынды еншіледі:

  • Муслим Паншер (46 кг);
  • Зубаир Акрамов (57 кг);
  • Кутман Дүйшөналиев (63 кг);
  • Абубакр Дүйшеев (66 кг).

Тағы екі алтын Тәжікстан құрамасына бұйырды:

  • Бехруз Умаров (48 кг);
  • Амир Нозимов (75 кг).

Оқи отырыңыз: Назым Қызайбай Қанат Исламды құрметтеп шапан кигізді