Көлік жүк көлігіне соғылған
"Жеңіс" футбол құрамасының 19 жасар ойыншысы Виктория Кайсаринова Астана – Павлодар тасжолындағы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді.
"Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады",- деп жазды құраманың баспасөз қызметі.
Анықталғандай, Виктория биылғы маусымда 17 ойынға қатысқан, оның 14-інде негізгі құрамда алаңға шыққан.
Оқи отырыңыз: Жас сарбаздардың психологиялық көңіл күйі нашар – Мәжіліс депутаты