Қазақстандық гимнаст Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

28.09.2025 12:24

Қазақстан құрамасының өкілі еркін жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті

Depositphotos.com

Қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин Сомбатхейде (Венгрия) өткен Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының өкілі еркін жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті.

Финалда Патанин 13.900 ұпай жинады.

Екінші орынды Болгария спортшысы Кевин Пенев (13.600) иеленсе, үшінші орынға Артем Долгопят (Израиль) (13.200) тұрақтады.

Оқи отырыңыз: Almaty Marathon-2025 әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушының басын қосты