Нугул – ақтөбелік атбегі Марат Көшеровтің тұлпары
Нугул атты қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде мәреге бірінші келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
"Мейдан" ипподромында өткен 1200 метр қашықтықтағы бәйгеге 5 тұлпар қатысты. Нугул мен жокей Эндрю Слаттери 4-нөмірде жарыс жолына шықты.
"Алғашында қазақстандық тұлпар бәрінен артта келе жатқанымен, мәреге бірнеше метр қалғанда оза шауып, жеңімпаз атанды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Нугул – ақтөбелік атбегі Марат Көшеровтің сәйгүлігі. Тұлпардың бапкері – үндістандық Бхупат Симар.
Биыл тағы бір қазақстандық сәйгүлік Қабирхан қаңтарда Дубайда өткен екі бәйгеде де жеңіске жеткен еді. Ал наурызда болған әлем кубогінде мәре сызығын сегізінші болып кесті. Астанадағы Көшпенділер ойындарында Қабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің бір тұлпары алтын, екінші тұлпары күміс жүлде иеленді.
Оқи отырыңыз: Жанжалдасқан ғашықтарды ажыратпақ болған спортшының өзі соққыға жығылды