Жанжалдасқан ғашықтарды ажыратпақ болған спортшының өзі соққыға жығылды

Ерлік Сертайдың Instagram-парақшасынан
Ерлік Сертайдың Instagram-парақшасынан

Ерлік Сертай – Париж олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионатының қола жүлдегері

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семсерлесу спортынан Азия чемпионатының қола жүлдегері, Париж олимпиадасының қатысушысы Ерлік Сертайды соққыға жығып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы спортшының өзі Instagram-дағы парақшасында жазды. Ерліктің айтуынша, үйіне келе жатқанда ол жағымсыз жайтқа тап болған: ер адам қыздың шашынан сүйреп бара жатқанын көріп, дереу ажыратуға асығыпты.

"Достарымның үйінен шығып, өз үйіме қайтып бара жатқанда жігіт пен қыздың ұрысып жатқанын көрдім. Иә, ұрысып жатыр екен. Кім ұрыспайды? Жарайды деп әрі қарай өтіп бара жатыр ем, айғайды естідім. Бұрылып қарасам, жігіт оның шашынан тартып жатыр екен. Мен не істей алушы едім? Жүгіріп барып, "Сабыр сақтаңдар, бұларың не?" дедім. Жігітті ақылға шақырмақ болдым", - дейді Ерлік Сертай.

Ол жігітті сабасына түсіре алмаған. Есесіне, екеуінің арасындағы дау төбелеске ұласқан. Спортшы көзінен ауыр соққы алған.

"Біз төбелесе бастадық, қыздың айғайын естідім. Осы айғайдан соң тағы да жігіттер жүгіріп келіп, бізді ажырата бастады. Бәрі тынышталғандай болды, басқалар келіп бізді ажыратып алды. Сол кезде қыздың айтқанын естісеңіз! Ол "Неге біреудің ісіне араласасың, өзіміз шешіп алар едік қой" деді", - деп таңданады спортшы.

Ерлік Сертай – қазақстандық семсерлесуші, Париж Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Құрамында Сертай бар семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы биыл өз тарихындағы ең табысты маусымды өткізді.

Оқи отырыңыз: Астанада 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтеді

Новости партнеров