Қазақстандық шахматшы 2024 жылғы әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

29.12.2024 14:31

Бибісара Асаубаева қарсыластарынан төрт рет басым түсті

Eugene Chystiakov / Unsplash

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қарсыластарынан төрт рет басым түсіп, жеті ойынды тең нәтижемен аяқтай алды. Осылайша, ол 11 турдан кейін 7,5 ұпай жинады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

"Спорт Шредингера" Telegram-арнасының жазуынша, соңғы турда қазақстандық шахматшы әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен тең түсіп, қарсыласын Нью-Йорктегі чемпиондықтан айырды.

Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар былай бөлінді:

  • Хампи Конеру (Үндістан) - 8,5 ұпай;
  • Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) - 8 ұпай;
  • Екатерина Лагно (Ресей) - 8 ұпай.

Тағы бір қазақстандық шахматшы Меруерт Қамалиденова 16-орынға ие болды.

Ерлер арасында қазақстандық спортшылардан үздік нәтижені Ринат Жұмабаев көрсетті. Ол 62-орынға тұрақтады. Ринат 13 турда 4 жеңіске жетіп, 6 тең ойын өткізіп, 3 рет жеңіліп қалды. Ол жалпы 7 ұпай жинады.

Оқи отырыңыз: Фристайл-могулдан Қазақстан кубогы аяқталды