Маймұратов бірінші орын үшін қытайлық спортшымен жарысқан болатын
Спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Амир Маймұратов Сеулде өтіп жатқан (Оңтүстік Корея) Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
4 қазанда «жылдамдық» бойынша жарыстың финалы болып өтті.
«Маймұратов бірінші орын үшін қытайлық спортшы СиньШань Ванмен жарысты. Дегенмен ол қарсыласынан жеңіліп қалды», - делінген хабарламада.
Үшінші орын Индонезиядан келген Киромал Катибинге бұйырды.
Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегінде қойылған ескі әнұран: министрлік пікір білдірді