Спортшыларымыз аралас эстафетада жаңа рекорд жасады
Қазақстандық жүзушілер Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
11 желтоқсанда спортшыларымыз 4х50 метрлік аралас эстафетада жаңа рекорд жасады.
"Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя және Ксения Игнатова эстафетаны 1:42.20 уақытта аяқтады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан рекордын Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй) және ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стильдегі эстафетада жаңартқан еді.
Оқи отырыңыз: Азия чемпионатында тағы екі боксшымыз алтын медальға ие болды