Спортшы жарына бақыт тілеп, әрқашан жанынан табылатынын айтты
Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік күйеуіне сезімін білдірді. 25 жастағы Жансая өмірлік жарының туған күнінде оған деген сезімін әлеуметтік желіде жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
«Әлемдегі ең бақытты жан бол! Ал мен әрқашан жаныңнан табыламын! Сүйемін, сүйемін», - деп жазды Әбдімәлік.
Естеріңізде болса, жұп 2023 жылы сәуір айында шаңырақ көтерді. Шахматшының таңдауы «Қазақмыс» басқармасының төрағасы Нұрахмет Нұриевке түскен.
Жансая былтыр карьерасында үзіліс алатынын мәлімдеген. Дегенмен спорттан біржола кетпегенін де еске салды. Ол уақытының басым бөлігін отбасына және өзіне арнағысы келетінін айтқан.
Жансая Әбдімәлік – әйелдер Гран-приінде жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық. Ол бұл атаққа 2021 жылы Гибралтарда қол жеткізді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан футбол федерациясында лауазымды қызметке шетелдік маман тағайындалды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!