Сандуғаш Кенжебаева Қытайда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева ресейлік София Лансереймен дуэтте Мааньшанда (Қытай) өткен ITF турнирінің жұптық сайысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Финалда Кенжебаева мен Лэнсерай Мейки Гуо (Қытай)/Пиангтарн Плипуеч (Таиланд) жұбымен кездесіп, қарсыласты үш сетте – 6:3, 3:6, 10:8 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 14 минутқа созылды.
«Осылайша, Сандуғаш Кенжебаева биылғы маусымда төртінші титулды жеңіп алды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін ол жұптық сайыста Анталияда (Түркия) үш турнирде жеңіске жеткен.
Оқи отырыңыз: Тепе-теңдікті сақтаңыз: 25 мамырға арналған жұлдыз жорамал