Қазақстандық теннисші Мысырда өтіп жатқан жарыстың финалында ойнайды

23.11.2024 11:17

Сандуғаш Кенжебаева нидерландылық Джой де Зеумен бірге жарыс барысында үш кездесуін сәтті өткізді

Photo by John Fornander on Unsplash

Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің финалына шықты.Қазақстандық теннисші нидерландылық Джой де Зеумен бірге жарыс барысында үш кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сандуғаш Кенжебаева – Джой де Зеу жартылай финалда жарыстың 1-ракеткалары, нидерландылықтар Лус Эбелин Конин – Сара ван Эмстің мысын басты. 

"Қазақстандық-нидерландылық жұп бірінші партияда 3:6 есебімен есе жібергенімен, екінші сетте қарымта қайырды – 6:4. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:5", - делінген хабарламада. 

Сандуғаш Кенжебаева – Джой де Зеу финалда ресейліктер Аглая Федорова – Алиса Кюммельмен бас жүлдені сарапқа салады.

Оқи отырыңыз: Wrestling Stars: Әлемге әйгілі балуандар Астанада бас қосады