Қазақстандық жас балуан грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
Аlmaty.tv
Финалдық белдесуде Қуанышбек қырғызстандық Нуркерим Кумарбековті жеңді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Афинада (Грекия) өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.
«Финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Оқи отырыңыз: Әлем чемпионаты: Нұрдәулет Құмарұлы грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00