Қазақстандық жас балуан грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

31.07.2025 13:57

Финалдық белдесуде Қуанышбек қырғызстандық Нуркерим Кумарбековті жеңді

Аlmaty.tv

Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Афинада (Грекия) өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

«Финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Оқи отырыңыз: Әлем чемпионаты: Нұрдәулет Құмарұлы грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанды