арыста әлем үздіктерінің қатарындағы 5 гроссмейстер мен Қазақстан құрамасының бес өкілі бақ сынайды
Алматыда KazChess Masters халықаралық шахмат турнирі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарыста әлем үздіктерінің қатарындағы 5 гроссмейстер мен Қазақстан құрамасының бес өкілі бақ сынайды. Доданың жалпы жүлде қоры 25 миллион теңге.
Айта кетейік, 29 қарашаға дейін жалғасатын турнир аясында әлем чемпионы, әйгілі гроссмейстер Рустам Қасымжанов жас таланттармен ойын өткізіп, Қазақстан шахматының жаңа буынымен жүздеседі.
«Бұрын-соңды мұндай іс-шара өткізген жоқпыз. Егер KazChess Masters дәстүрлі шара болатын болса, онда еліміздің имиджіне өте жақсы әсер етеді. Сырттан, шеттен келген мамандар және біздің өзіміздің шахматшыларымыз Қазыбек Нөгербек, Денис Махнёв, Эдгар Мамедов, Алдияр Аңсат, Сауат Нұрғалиев - барлығы жақында ғана Әлем кубогынан оралды», – деді Қазақстан шахмат федерациясының өкілі Олжас Меңғали.
«Мұндай турнирдің ұйымдастырылып отырғанына ризамын. Жалпы шахмат жақсы дамып келеді. Енді осы дода дәстүрлі түрде өтіп тұрса деген тілегіміз бар. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін», – деді турнирге қатысушы Борис Гельфанд
Оқи отырыңыз: Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз: Алматыда байқау жеңімпаздары марапатталды