Хоккейден қазақстандық клуб Құрлықтық кубок финалында бақ сынады

18.01.2026 11:39

Жергілікті команда 4-2 есебімен жеңіске жетті

Depositphotos.com

Ұлыбританияның Ноттингем қаласында Құрлық кубок финалы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемендік «Торпедо» мен жергілікті команда «Ноттингем Пантерз» титул үшін таласты.

Жергілікті команда 4-2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық команда сапынан Станислав Боровиков 59-минутта және Михаил Рахманов 60-минутта гол соқты.

Осылайша, «Ноттингем Пантерз» Құрлықтық кубок жеңімпазы атанды. 

Оқи отырыңыз: ШҚО-да аязды күні жолда қалған жолаушылар құтқарылды