Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин 10 үздік спортшының қатарына кірді

15.02.2026 09:29

Спортшы қашықтықты 34.56 секундта жүгіріп өтті

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi/ Сали Сабиров

Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ең қысқа 500 метрде жеңімпаздар анықталды.

Әлемдегі ең ТОП-3 жылдам спортшының қатарына кіретін Евгений Кошкин қашықтықты 34.56 секундта жүгіріп өтті.

  • 1. Джордан Штольц (АҚШ) - 33.77 секунд (Олимпиада рекордын жаңартты)
  • 2. Еннинг Де Бо (Нидерланд) - 33.88 секунд
  • 3. Лоран Дюбрёй (Канада) - 34.26 секунд 9-орын.
  • 4. Евгений Кошкин - 34.56 секунд

Евгений Кошкин 2025 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем Кубогының бірінші кезеңінде 500 метрді 33.67 секундта (тарихтағы үшінші көрсеткіш) бағындырып, тікелей Милан Олимпиадасына жолдама алған.

Айта кетейік, енді Евгений Кошкинның жұбайы Кристина Силаева дәл осы қашықтықта жүлдеге таласады.

Оқи отырыңыз: Анна Данилина Дохада өткен WTA 1000 санатындағы турнирде жеңіске жетті