Көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңі: Қазақстан күміс жүлде иеленді

12.04.2026 16:12

Қазақстан құрамасы 51,25 ұпай жинады

ЖИ арқылы жасалған

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап

Топтық жаттығуларда спортшыларымыз күміс медаль жеңіп алды. Көпсайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 51,25 ұпай жинады. Ел намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.

Бірінші орынды 55,90 ұпаймен Қытай құрамасы иеленсе, Беларусь гимнастары 51,10 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Бүгін, 12 сәуірде жекелей жаттығулар бойынша финалдық бәсекелер өтеді.

Оқи отырыңыз: Астанада подъезде мас күйде балта ұстап жүрген ер адам қамалды