Күрестен Азия чемпионаты: Қазақстан екі алтын медаль жеңіп алды

06.07.2026 09:38

U20 жас санатындағы Азия чемпионатында еркін күрестен бәсекелер аяқталды

United World Wrestling

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында еркін күрестен бәсекелер аяқталды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, ұлттық құрама балуандары екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек ақтық сында үндістандық Пушптан басым түсті.

74 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Сейілбеков финалда ирандық Мохаммад Мамивандты жеңді.

Ал 92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали түрікменстандық Довлетгельды Мурадовқа жол берді. Осылайша, отандасымыз күміс медальға ие болды.

Ал 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін өткен белдесуде Сахил Далалды (Үндістан) айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Сұңқар Сейдахмет (70 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) күміс медаль алса, Айбек Қалиахмет (79 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.

Оқи отырыңыз: 2026 жылдың шілдесінде қазақстандықтар неше күн демалады