Қытайдағы турнир: қазақстандық теннисші жартылай финалда жеңіске жетті

ktf.kz
ktf.kz

Анна Данилина жұптық сында финалдық жолдаманы сарапқа салады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның әйелдер арасындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Қытайдың Ухань қаласында өткен WTA 1000 сериясындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Жұптық сында WTA рейтингінде 31-орында тұрған Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен дуэтте канадалық-жаңа зеландиялық теннисшілер Габриэла Дабровски мен Эрин Раутлиффке қарсы кортқа шықты.

«Ойын 1 сағат 18 минутқа созылды. Екі сеттен тұратын кездесуде Данилина мен Хромачева мықтырақ болды. Кездесудің қорытынды есебі – 6:4, 6:3», - делінген хабарламада. 

Финалға жолдама үшін Данилина мен Хромачева бүгін сағат 15:15-те чех дуэті Катержина Синякова мен Екатерина Александроваға қарсы ойнайды.

Оқи отырыңыз: Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде қола жүлде еншіледі

Новости партнеров