Қызылорда облысында бұрынғы мектеп директоры жалған құжаттар ұсынған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жалпы үйірмелерге қатыспаған 2 мыңнан астам бала анықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында бұрынғы мектеп директоры "Артспорт" бағдарламасы бойынша жалған құжаттар ұсынып, мемлекетке 13,3 млн теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Қызылорда облыстық прокуратурасы тарапынан мемлекеттік тапсырыс аясында "Даму бала" платформасына тіркелген шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларға бөлінген қаржы жағдайы зерделеніп жатыр. Соңғы үш жылда облыстық бюджеттен бұл мақсатта 11,6 млрд теңге игерілген.

- Қызылорда облысы прокурорының өкімімен құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың өкілдерінен жұмысшы тобы құрылды. Аталған топ жұмысы қаржы көп бөлінген Қызылорда қаласы, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандарынан басталды. Зерделеу барысында бірқатар елеулі бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылдануда. Мәселен, Шиелі ауданында бұрынғы мектеп директоры балаларының атына тіркелген мекемелер арқылы мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысқа жалған құжаттарды ұсынған. Салдарынан бюджетке 13,3 млн теңге шығын келген. Бұл бойынша облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тарапынан ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша (3-бөлігінің 1), 2) 3) тармақтарымен) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деді Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров. 

Ведомство мәліметіше, жалпы үйірмелерге қатыспаған 2 мыңнан астам бала анықталған. Салдарынан мемлекетке 450 млн теңгеге жуық залал келген. Бүгінгі күнге нақты кәсіпкерлермен мемлекетке 48 млн. теңге қайтарылды.

- Сондай-ақ Жаңақорған ауданында 19 үйірменің өзінен 127 млн теңгеге бұзушылықтар анықталып, бүгінде 41 млн теңге мемлекетке қайтарылды. Сырдария ауданында 77 млн теңгеге бұзушылықтар тіркеліп, 7 млн теңге қаржының мемлекетке қайтарылуы қамтамасыз етілді, - деп толықтырды облыс прокуроры.

Оқи отырыңыз: Төрт млн теңгені кім алды: бокстан Азия чемпионатының жүлдегерлеріне сыйақы табысталды

Новости партнеров