Әлем чемпионаты: Алматыда тоғызқұмалақтан кіл мықтылар анықталды

Ұйымдастырушылар турнирдің басты мақсаты —  тоғызқұмалақты әлемге таныту

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатында кіл мықтылар анықталды. Дүбірлі додада Орталық Азия мен Еуропаның 21 мемлекетінен келген 180 оқушы бақ сынаған. Соның ішінде 48 қазақстандық қатысушы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен медальдар табысталып, дипломдар берілді.

Айта кетейік, ойындар онлайн және офлайн, рапид пен блиц форматында ұйымдастырылып, партияларды еліміздің ең білікті төрешілері бақылады. Салтанатты рәсімге қала әкімінің орынбасары, федерация өкілдері мен шетелдік делегациялар қатысты. Ұйымдастырушылар турнирдің басты мақсаты —  жастардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, тоғызқұмалақты ұлттық ойын ретінде әлемге таныту.

«Біз әрі қарай да тоғызқұмалақты дамытып, жаңа технологияларды пайдалана отырып, дамытуға күш сала бермекпіз. Егер, басында біздің мамандар тоғызқұмалақты жүктеме арқылы қалтафондарға апликациялар жасаса, биыл жас азамат жасанды интеллектіні пайдаланып, тоғызқұмалақты ойнатты», – деді Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов.

«Чемпионатқа екі айдай дайындалдым. Осы чемпионат өте тартысты ойын болды. Менің ең маңызды қарсыластарым – қырғыздар және екінші орын алған қыз – Дәулетбек Томирис. Азия чемпионаты болады 19 жасқа дейін, 1-орын алуға тырысамын», – деді  жеңімпаз Елдана Оралбай  (Қазақстан).

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты биыл 17 қарашада басталған. Бұған дейін оқушылар арасындағы дүбірлі дода 2022 жылы ұйымдастырылып, оған әлемнің 17 елінен 136 ойыншы қатысты. Ал осы жолы бағын сынап келгендердің қатары едәуір артқан. Спортшылардың айтуынша, бұл – тоғызқұмалақтың әлемдік деңгейде мәртебесі көтерілгеніне дәлел.

 «Чемпионат оңай емес, қиын болды. Мен чехиялық, румынялық, ресейлік ойыншыларды жеңіп, үшінші орынды иелендім. Бізде 7 тур болды. 7 турда 2 балдан ұтылып қалдым. Біріншісі - қырғыз досымнан, екіншісі - қазақ баладан ұтылып қалдым. Солай 5 баллмен жеңіп, үшінші орынға ие болдым», – деді жеңімпаз Нұрболот Замиров (Қырғызстан).

Оқи отырыңыз: KazChess Masters: Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров