Спортшыға меценат Ерлан Қожасбай құрмет көрсетті
Тиранада еркін күрестен әлем чемпионы атанған қазақстандық Нұрқожа Қайпановқа демеушілер су жаңа көлік мінгізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Елге оралған белгілі спортшыға меценат Ерлан Қожасбай құрмет көрсетіп, ZEEKR 001 көлігін тарту етті.
"Әлем чемпионы атануыңмен құттықтай отырып, өзіңе, бапкерлеріне алғыс білдіремін. Осы жолда аянбай тер төгіп жүрсің. Оған өзім де куәмін. Біздің күрес академиясының шәкірті екеніңе мақтанамыз. Өзімнің, «Сәду-Аренаның» атынан сыйлық бергіміз келеді", - деді Ерлан Қожасбай.
70 келіде белдесетін Қайпанов Албания астанасында күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында топ жарған еді. Ол іріктеу кезеңдерінде Израиль, Молдова, Тәжікстан балуандарын ұтса, финалда Жапония спортшысынан басым түсті.
Оқи отырыңыз: Алматыда Азия хоккей чемпионаты басталады
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!