Әлем чемпионы атанған балуанға бір үйір жылқы сыйға берілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Балуанды бұдан да үлкен сый күтіп тұрғаны да айтылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Жаңажол Қуанышбекке ақтөбеліктер ерекше сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Грекия астанасы Афинада қарсылас шақ келтірмеген жас спортшыға жерлестері бір үйір жылқы сыйға берді. Балуанды бұдан да үлкен сый күтіп тұрғаны да айтылды.

Айта кетейік, әлем біріншілігінде қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді.

Сонымен қатар Грекиядағы аламанда Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Аталған спортшылардан бөлек әлем чемпионатына Базарбек Данияр (51 келі), Ақон Дамир (60 келі), Мейірбекұлы Марлен (71 келі), Макхамбаев Марданбек (80 келі), Тойшы Əділет (92 келі), Советхан Бақтұp (110 келі) қатысты.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді

Новости партнеров