Жарыс 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер штабы Бразилияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл беделді халықаралық турнирде еліміздің намысын үш боксшы қорғайды: Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Әдішева (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі).
Әлем кубогының кезеңі 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.
Оқи отырыңыз: Әйелдер күресінен Азия чемпионатында үш қазақстандық балуан қола медаль үшін бақ сынайды