Әлем кубогы кезеңі: Қазақстан спортшысы көркем жүзуден қола жүлде иеленді
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Ел намысын бұл жарыста 20 спортшы қорғап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
1-3 мамыр аралығында Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден (синхронды) әлем кубогының үшінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, байрақты бәсекеге 21 елден 150-ге жуық атлет қатысып жатыр.
Ел намысын бұл жарыста 20 спортшы қорғап жатыр.
"Доданың алғашқы күнінде отандастарымыз жүлдеге қол жеткізді.
Атап айтқанда, Виктор Друзин жекелей сындағы техникалық бағдарламада үздік үштікті түйіндеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ дәл осы сайыста Алдияр Рамазанов 4-орынға тұрақтады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 30-дан астам Достық үйі жұмыс істейді - Аида Балаева
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00