Әлемдік деңгейдегі дода: «Almaty Open» жарысында ел намысын кім қорғайды

19.10.2026 16:29

Қомақты ақшалай сыйлықтан бөлек, жеңімпаз ATP тізімінде 250 ұпайға ие болады

Алматыда теннистен ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирі өтіп жатыр. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаданың жүлде қоры бір миллион АҚШ долларынан асады, деп хабарлайды Almaty.tv

Әлемнің кіл мықты теннисшілерінің басын қосқан жарыстың ойындары толықтай Алматы Аренада болады. Байрақты бәсекеде ел намысын әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик қорғайды. Ол жұптық сында жас талант Заңғар Нұрланұлымен бірге сайысқа түседі.

«Мен Әмірдің ойынын қарадым. Онда жанкүйерлер өте көп болды. Менің ойынымды да тамашалауға жерлестеріміз көп келеді деп үміттенемін. Жанкүйерлерімді жарқын жеңістеріммен қуантамын деп ойлаймын. Жарысқа дайынмын», – деді  теннисші Заңғар Нұрланұлы.

Almaty Open – ТМД аумағындағы ATP 250 санатындағы жалғыз турнир және ATP нұсқасы бойынша әлемдегі осы санаттағы үздік үш турнирдің қатарына кіреді. Биыл бұл жарысқа Әлемнің бесінші ракеткасы Данил Медведев, Олимпиада чемпионы Адрей Рублев, Карен Хачанов бастаған үздіктер қатысады.

Қомақты ақшалай сыйлықтан бөлек, жеңімпаз ATP тізімінде 250 ұпайға ие болады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандық семсерлесушілерді Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісімен құттықтады

 

 

Толық көрсету