Мемлекет басшысы Әлем чемпионатында топ жарған спортшыларымызды құттықтады

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен байрақт ы бәсекеде былғары қолғап шеберлері командалық есепте бірінші орынды иемденді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем чемпионатында топ жарған спортшыларымызды құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент желідегі парақшасында қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсеткенін жазды.

Айта кетейік, Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен байрақты бәсекеде былғары қолғап шеберлері 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алып, командалық есепте бірінші орынды иемденді.

«Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де, алдымызда АҚШ-та өтетін олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

 

 

 

Новости партнеров