Мемлекет басшысына берген уәдемді орындадым: Ербол Хамитов елге оралды

17.03.2026 15:55

Қазақстан тарихта тұңғыш рет қысқы Паралимпиада ойындарында екі медаль еншіледі

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұлттық құрама спортшыларын әуежайдан жанкүйерлері мен туған-туыстары, спорт саласының өкілдері сән-салтанатымен күтіп алды. Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарына елімізден жеті спортшы қатысты. Олар парашаңғы жарысы мен парабиатлон бойынша бақ сынап, жалпыкомандалық есепте 18-орынға тұрақтады. Халықаралық додада Ербол Хамитов қос медаль тақты. Ол парабиатлоннан 4,5 шақырымдық із қуу сайысында алтын алса, парашаңғы спринтінде қолаға қол жеткізді.

Қазақстан тарихта тұңғыш рет қысқы Паралимпиада ойындарында екі медаль еншіледі.

Айта кетейік, Милан–Кортина қысқы Паралимпиада ойындарына 55 елден 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль сарапқа салынған еді.

«Екі ай бұрын Мемлекет басшымызға уәде бергенмін. Сөзімде тұрдым. Жоспарым жазғы Паралимпиада ойындарға лицензия алу және де Қазақстан құрамасына алдағы уақытта дайындалу. Көп сөз айтпаймыз, іспен дәлелдейміз. Рақмет бәріне!», – деді XIV Қысқы паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов.

Оқи отырыңыз: Тартысты матч: «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті