Михаил Шайдоров Гран-при финалының қысқа бағдарламасында нешінші орынға ие болды

04.12.2025 21:05

Байрақты бәсекеге спортшы Қазақстан атынан қатысып жатыр

ЖИ көмегімен жасалған

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при финалының қысқа бағдарламасында алтыншы орынға ие болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Нагоя (Жапония) қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалдық кезеңі басталды. 

Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан Михаил Шайдоров қатысып жатыр.

«Қысқа бағдарламада отандасымыз бірнеше қателікке жол беріп, 71.30 ұпай жинады. Осылайша ол аралық есепте алтыншы орында тұр», - делінген хабарламада.

Жарыстың көшбасшысы - жапониялық Юма Кагияма (108.77). Екінші орында - Шун Сато (Жапония) - 98.06. Үшінші орынға АҚШ спортшысы Илья Малинин (94.05) жайғасты.

Айта кетейік, ерлер арасындағы еркін бағдарлама 6 желтоқсанда өтеді.

Оқи отырыңыз: Ербол Сыпатаевты еске алу турнирінде балуандар бақ сынады