Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламаны орындады

07.11.2026 09:34

Қазақстандық спортшы бесінші орынға тұрақтады

instagram.com/mikhail_shaidorov

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан 2026/27 жылғы маусымдағы Гран-при сериясының үшінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 94,87 ұпай еншілеп, 12 қатысушының арасында бесінші орынға тұрақтады.

Жапония өкілі Као Миура 102,90 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды оның отандасы Шун Сато (101,97) иеленсе, бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко 99,72 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Еркін бағдарлама 8 қарашада өтеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады

Толық көрсету