Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Франциядағы Гран-при кезеңінде өнер көрсетті

25.10.2026 13:30

Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 80,25 ұпай жинады

depositphotos.com

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Францияның Анже қаласында өтіп жатқан 2026/27 жылғы Гран-при кезеңінің алғашқы жарысында қысқа бағдарламасын орындады,  - деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы бұл кезеңде 80,25 ұпай жинап, 12 қатысушының арасында әзірге төртінші орында тұр.

Қысқа бағдарламадан кейін 102,46 ұпай жинаған француз Адам Сяо Хим Фа көш басына шықты. Эстониялық Александр Селевко 85,49 ұпаймен екінші орында тұрса, 83,83 ұпай еншілеген оңтүстіккореялық мәнерлеп сырғанаушы Со Мин Гю үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, еркін бағдарлама ертең, 25 қазанда өтеді.

Оқи отырыңыз:Қазақстан 50 медаль иеленді: Жапонияда v Азия Пара ойындарының жабылу рәсімі өтті

Толық көрсету