Мәнерлеп сырғанаушы жалпы есепте 282.22 ұпай жинады
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы қысқа бағдарламаны (95.01) да, еркін бағдарламаны (187.21) да бірінші орында аяқтады. Жалпы есепте 282.22 ұпай жинады.
Грузия өкілі Ника Егадзе 266.90 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал АҚШ спортшысы Джейсон Браун 257.81 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Оқи отырыңыз: Денис Тен мемориалында әлем чемпионатының күміс жүлдегері жеңіске жетті